Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» мен «Қайсар» ардагер футболшылардың трансферін «Қайраттан» үйренсін? Сарапшылар ҚПЛ клубтарының саясатын сынауда

Бүгін, 14:53

Асқар Қожабергенов «Аладоп.кз» сайтына сұхбат беріп, футболдағы жеке инвесторлардың қаржысын тиімді пайдалану мәселесіне тоқталды.

Вагнер Лав
Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, белгілі маман «Қайрат» намысын қорғаған ардагер Вагнер Лав пен «Ақтөбе», «Қайсарға» келген Луиш Нани, Виктор Мозесті салыстырды.

«Виктор Мозеске келетін болсақ, оның деңгейі өте жоғары. 35 жас деген сондай бір қорқынышты емес қой. Жалпы, Нани болсын, Мозес болсын, өз пайдасын тигізеді. Кезінде «Қайратқа» келген Вагнер Лавты алайықшы. Оның жасы бұлардан да үлкен емес пе еді?. Әйтсе де, жастарға қаншама үлгі-өнеге көрсетіп кетті. Бұл жерде маңыздысы -  жұмсаған ақшаны барынша тиімді пайдалану керек. Меніңше, Нани, Мозестерді алаңда ғана емес, клубтардың имиджін көтеруге пайдаланса. Осы бағытта жұмыс істесе, сонда тиімділігі болады деп ес ептеймін. Бастысы бабында болса болды, әйтпесе ,тәжірибелері мол футболшылар ғой. Соларға қарап біздің жастар да өседі. Жалпы, чемпионаттың деңгейі де көтерілуі тис», - деді А. Қожабергенов «Аладоп.кз» сайтына берген сұхбатында.    

Айта кетейік, «Ақтөбе» португалиялық әйгілі вингер Луиш Наниді қатарына қосты. Жартылай қорғаушы «ақ-қызылдармен» 1 жылға келісімшартқа отырды. Аңыз футболшы жасыл алаңда ғана емес, клубтың халықаралық пиарымен де айналысады деп күтілуде.        

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров