"Ақтөбе" биылғы маусымдағы алғашқы үй ойынын 25 сәуірде өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Серый CARDINAL телеграм арнасының хабарлауынша, бұл күні “Қызыл-Ақтар” Павлодардың "Ертіс" командасын қабылдайды.
Бұл кездесудің маңызы зор, өйткені 25 сәуір — Қазақстан футболының күні. Осы айтулы датада туған стадионына оралу жанкүйерлер үшін нағыз сыйлық болмақ.
Ойынның Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда өтуі жергілікті ОСДЮСШОР басшылығы мен клуб әкімшілігіне үлкен жауапкершілік жүктеп отырған көрінеді. Қазіргі таңда стадионның көк майсасын ретке келтіру үшін бар-жоғы үш апта уақыт қалды.
"Бұл — клуб пен стадион басшылығы үшін үлкен сын. Халықтың ықыласын ескере отырып, бар күшті салып, алаңды мерзімінде дайындап шығу — басты міндет.” — дейді мамандар.
Біздің серіктес: FONBET