Жарнама
Жарнама

“Ақтөбе” өз алаңында “Қызылжардан” басым түсті

27.09.2025, 21:15

Қазақстан Премьер лигасының 24-турында "Ақтөбе" маңызды жеңіске қол жеткізді. Қызылжарлық қонақтармен өткен кездесуде алаң иелері 1:0 есебімен басым түсті.

Жарнама
Жарнама

Матчтың шешуші голы ойынның басында-ақ соғылды. 8-минутта Даниэль Соса қарсылас қақпасын дәл көздеп, командасына үш ұпай сыйлады. Қалған уақытта қос тарап та есепті өзгертетін бірнеше мүмкіндікке ие болды, алайда нәтижелі соққы шықпады.

Бұл жеңіс "Ақтөбеге" турнир кестесінде көшбасшылар тобында қалуға мүмкіндік берді. Ал "Қызылжар" ұпай жоғалтып, маусым соңында жағдайын қиындатып алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров