Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» өз алаңында сенсациялық жеңіске жетті

24.07.2025, 23:11

«Ақтөбе» мен Чехияның «Спарта» (Прага) клубтары Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңінде алғашқы матчтарын өткізді.

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық команда өз алаңында 2:1 есебімен жеңіске жетіп, еурокубоктағы сенсациялардың біріне себепкер болды.

Ойынның алғашқы минуттарында-ақ Андрей Влад бірнеше қауіпті соққыны қайтарып, қақпасын голдан аман алып қалды. Ал 29-минутта Даниэль Соса айып алаңына берілген допты баспен дәл бағыттап, есеп ашты.

Екінші таймда екі команда да қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Лукаш Гараслин соққысымен қақпа маңдайшасын шайқалтып жіберсе, Оралхан Өміртаев 82-минутта қақпашымен бетпе-бет шығып, мүмкіндігін мүлт жібермеді.

Алайда матч соңында, 90-минутта Велко Бирманчевич пенальтиден гол соғып, айырмашылықты қысқартты. Есеп: 2:1.

Бұған дейін ақтөбеліктер 2014 жылдан бері еурокубок аясындағы өз үйіндегі матчтарда жеңіске жете алмай келген еді.

Жауапты ойын 31 шілде күні Прагада өтеді.

«Ақтөбе» (Қазақстан) — «Спарта» (Чехия) — 2:1 (1:0)

Голдар: Соса 29 (1:0), Өміртаев 82 (2:0), Бирманчевич (пенальтиден) 90 (2:1)

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: