Кеше ғана Еуропа лигасында «Легияға» жол берген ақтөбеліктер әлі де маусымды сәтті аяқтайтындарына сенімді. Осы орайда «Ақтөбе» Сербия құрамасы сапында 3 ойын өткізген Слободан Урошевичті жақын арада қатарына қоспақшы деп хабарлайды Aladop.kz
Алдағы аптада Чехияның атақты «Спартасымен» күш сынайтын ақтөбеліктер қорғаныс шебін күшейтуді жоспарлап отыр. Осы мақсатта олар келісім-шартсыз жүрген Слободан Урошевичке келісім-шарт ұсынбақшы. Transfermarket сайтында құны 750 мың еуроны құрайтын футболшы бұған дейін Кипр чемпионатында «Арис» клубында доп тепкен. 2 жыл бұрын ғана футболшының бағасы рекордтық 3,5 млн еуроны құраған болатын. Өз тәжірибесінде еурокубоктың 50 матчына қатысып үлгерген. Тіпті 2019 жылы Еуропа лигасының топтық кезеңінде «Партизан» сапында «Астанаға» қарсы өнер көрсеткен. Бұл футболшы команданы қаншалықты күшейтеді екен? Барлығын уақыт көрсете жатар...
Біздің серіктес: FONBET