Жарнама
Жарнама

“Ақтөбе” шабуылшысы командадан кетпек

28.11.2025, 21:20

"Ақтөбе" шабуылшысы 26 жастағы Идрис Умаев қысқы маусымаралық кезеңде клубтан кетеді, деп хабарлайды Aladop.kz.

 

Жарнама
Жарнама

Ресейлік футболшының “Қызыл-Ақтармен” келісімшарты аяқталған және ол қазір ҚПЛ-дың басқа клубтарымен келіссөз жүргізуде.

Өткен масуымда ол 16 матчқа қатысып, 2 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген. 

Vesti.kz мәліметінше Умаев Қазақстан азаматтығын алуға ниетті екенін мәлімдеген. Себебі футболшының әкесі мен жақын туыстары қазіргі Жетісу облысының аумағында дүниеге келген және сонда өмір сүрген.

Сол кезеңде Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев БАҚ-қа берген сұхбатында ойыншының азаматтық құжаттарын ЕУРО 2024 плей-оффындағы Грекияға қарсы матчтарға дейін рәсімдеп үлгермегендерін айтқан еді.

Умаевтың қай клубты таңдайтыны әзірге белгісіз, бірақ форвардтың келесі маусымда да ҚПЛ-да қалу мүмкіндігі жоғары көрінеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров