"Қызыл-Ақтардың" Айдын Зельковичті қатарларына қалай қосқаны белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Ақтөбенің” жаңа мүшесі, Швециялық вингер Айдын Зельковичтің агенті Ведран Юрак Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында бұл ауысудың қалай жүзеге асқаны туралы айтып берді.
Агенттің айтуынша, Зельковичтің Қазақстан чемпионаты мен "Ақтөбе” клубын таңдауына екі негізгі фактор әсер еткен:
1. Қаржылық жағдай: Клубтың ұсынған бюджеті мен ойыншыға жасалған жағдайы өте тартымды болған.
2. Клубтың қызығушылығы: "Ақтөбе" басшылығы мен бапкерлер құрамы Зельковичті өз қатарларында көруге барынша күш салған.
Ведран Юрак бұл трансфердің оңай болмағанын, тараптардың бір айдан астам уақыт бойы келіссөз жүргізгенін айтты.
"Біз "Ақтөбемен” бір айдан астам уақыт бойы байланыста болдық. Клубтың Айдынды өз сапында көргісі келетін шынайы ниетін байқадық. Нәтижесінде екі жылдық келісімшартқа қол қойылды.” — деді агент.
Біздің серіктес: FONBET