“Ақтөбе” сырт алаңда “Қызылжардан” басым түсті

“Ақтөбе” ҚПЛ 8-туры аясында петропавлдық “Қызылжарда” қонақ болды. 

90 минут қорытындысы бойынша “ақ-қызылдар” Али Алиевтің командасын 2:0 есебімен жеңді. 

ҚПЛ, 8-тур

“Қызылжар” 0:2 “Ақтөбе”

Голдар: Бауыржан Байтана 63’, Хосе Севальос 68’

Аталған ойында 3 ұпайға қол жеткізген “Ақтөбе” турнирлік кестеде 14 ұпаймен көш бастады. Екінші орында “Елімай” командасы. Семейлік ұжым бүгін “Шахтерге” қарсы кездесуде өз дегеніне жетіп, кезекті жеңісті тіркеді. Үздік үштікті 

Қайрат Нұрдәулетовтың “Жетісуі” түйіндеп отыр. 1 мен 3 орында келе жатқан ұжымдардың барлығының ұпайы тең.  

 

 

 

 

Материалда: