Клубтың спорттық директоры лауазымына шетелдік тәжірибелі маман келеді деп, хабарлайды Aladop.kz.
Маусым басында жаңа иесін тапқан “Ақтөбе” үшін биылғы маусым оңай басталып жатқан жоқ. Қазақстан Премьер лигасының алғашқы алты турынан кейін команданың көрсеткіштері көңіл көншітпейді: Турнирлік кестеде 10-орын, бар болғаны 7 ұпай.
Мұндай нәтиже амбициясы жоғары клуб үшін тым төмен. Сондықтан жаңа басшылық — қазақстандық кәсіпкер Нұрлан Артықбаев — клубтың спорттық саясатын қайта қарауды жөн көрген сияқты.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа маусым алдында клуб ресми түрде жеке меншікке өткен болатын. Шетелдік спорт директорының келуі команданың трансферлік саясатын жақсартуға, еуропалық стандарттарды енгізуге және академия жұмысын жандандыруға бағытталған қадам болмақ.
Еске сала кетсек, клуб кеше ғана басқарма төрағасы Арман Оспановты жұмыстан босатып, оның орнына Бақытбек Дүзелбаевты тағайындаған болатын.
Біздің серіктес: FONBET