Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» - «Тобыл» кездесуіне болжам

20.07.2025, 14:40

Соңғы бес матч қостанайлықтардың жеңісімен аяқталған.

«Ақтөбе» футболшыларының жаттығуы
Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, екі команданың соңғы бес ойынының үшеуінде гол салынған жоқ. 

17-турдың орталық матчында «Ақтөбе» қостанайдың «Тобылын» қабылдайды. Алаң иелері 16 кездесуде 32 ұпаймен төртінші келеді. Вячеслав Левчуктің бүгін  шәкірттеріне қамшы басатыны анық. Біріншіден - «Тобыл» тікелей қарсылас әрі бірінші айналымда кеткен есе бар. 19-сәуірде қостанайлық клуб 2:0-мен сенімді жеңіске жеткен болатын. Одан кейін әрине Еурокубоктік сәтсіздікті жуып-шаюы керек. Ақтөбелік команда Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Польшалық «Легиядан» қос ойында да ұтылып, жарыстан шет қалған еді. Енді алаң иелері осының барлығын бойға жиып, ширығып шығуы тиіс. 

Нұрбол Жұмасқалиевтің командасы бекер үздік үштікті түйіндеп тұрған жоқ. Қостанайлық клуб маусымның басынан бір қалыпты өнер көрсетіп, жоғары қарқын ұстап келеді. «Тобылда» ойналмаған екі матчы бар, осыны ескеру керек. Бүгін сырт алаңда жеңіске жете алса, көш бастауға тамаша мүмкіндік ашылуы ықтимал. Қостанайлық ұжым соңғы 5 кездесуде 11 ұпай еншілеген. Өткенде «Оқжетпесті» ұтса 2:1, оның алдында сырт алаңда «Елімайды» қапы қалдырды 3:2.

Бұл матч ерекше нәтижелі болады деп есептейміз және жалпы тотал 3.5-нан көп болады деп болжаймыз. Fonbet.kz бұған 3.35 коэффициент береді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров