Жарнама
Жарнама

«Ақтөбе» туралы бұлай деуге қалай дәті барды? «Спартаның» бас бапкері ойын соңында орынсыз пікірімен есте қалды

01.08.2025, 12:13

«Спартаның» бас бапкері Бриан Приске «Ақтөбеге» қарсы жауапты кездесу жайлы ой-пікірін айтып, командасының өнерін бағалады.

"Спарта" - "Ақтөбе" кездесуі
Жарнама
Жарнама

Кеше прагалық ұжым жауап ойында 4:0 есебімен сенімді жеңіс тіркеп, КЛ 3-іріктеу кеезңіне шыққан болатын. Командалар арасындағы бірінші бәсекеде «Ақтөбе» 2:1 есебімен ұтты.

«Командамның ойынына ризамын. Бұл мүлде басқа матч болды. Біраз қысым көретінімізді білдік, алдыңғы шепте белсенді болып, қарсыласты қыспаққа алуды көздеген болатынбыз. Бірақ, қорғаныстан шабуылға өтер кезіндегі сақтықты да ұмытпау керек еді. Жылдам гол сала алмағанымыз әрине жағдайды жақсартқан жоқ, алайда, шыдам мен керемет ойынның арқасында тиімді нәтижеге қол жеткізе алдық. Біздің шабуылға дән ризамын, сондай-ақ, қорғаныста да жаман ойнаған жоқпыз. «Ақтөбе» біз өтуге тиіс қарсылас болатын, алайда, үнемі кесіп айтудың реті келе бермейдә. Оңай болған жоқ және келесі қарсыластар да азулы болары анық», - деді Б. Приске баспасөз-мәслихатында.

«Ақтөбе» биылғы Еурокубоктік жолын Еуропа лигасында бастаған. Онда қос ойын қортындысында польшалық «Легиядан» ұтылған еді 0:1, 0:1.     

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров