"Ақтөбе" футбол клубының жанкүйерлері үшін маусымның басталуына қатысты маңызды ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Биылғы Қазақстан Премьер лигасының алғашқы турларында “Қызыл-Ақтар" өз алаңындағы ойындарын Түркістан қаласындағы "Түркістан Арена” стадионында өткізбек.
Клубтың биылғы маусымға арналған жұмыс кестесі төмендегідей қалыптаспақ:
– Жаттығу базасы: Команда оқу-жаттығу жиындарын Астана қаласындағы "Астана-Аренада" өткізеді.
– Ресми ойындар: Чемпионат аясындағы үй матчтары үшін Түркістан қаласына барады.
Бірінші турда "Ақтөбе" дәл осы "Түркістан Аренада” Қостанайлық "Тобылмен” кездеседі.
“Түркістан Арена" — Түркістан қаласындағы заманауи, көпфункционалды спорт нысаны. 7 000 көрерменге арналған арена 2020 жылдың 30 тамызында пайдалануға берілген болатын.
Стадион жергілікті "Тұран” футбол клубының үй аренасы болып табылады.
Біздің серіктес: FONBET