"Ақтөбе" басшылығы алдағы маусымда команданы Еуропалық деңгейдегі маманға сеніп тапсыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Aladop.kz.
Батыс Қазақстандық клубтың жаңа басшылығы Ккраиналық "Заря” (Луганск) командасының бас бапкері Виктор Скрипникті өз қатарларына қосуға ниетті.
Украиналық ТаТоТаке Ютуб арнасының журналисі Михаил Спиваковскийдің хабарлауынша, Қазақстан Премьер лигасының өкілі бұл мәселеге өте байсалды қарап отыр.
– Қызығушылық деңгейі: "Ақтөбе" басшылығы Скрипниктің кандидатурасын басты басымдықтардың бірі ретінде қарастыруда.
– Келісімшарттағы кедергілер: Маманның қазіргі клубы "Зарямен" үш жылдық келісімшарты бар. Дегенмен, Ақтөбелік клуб жаттықтырушыны ертерек босату үшін келісімшартта көрсетілген өтемақыны төлеуден де тайынбайтын түрі бар.
– Еуропалық тәжірибе: Скрипниктің Германия Бундес лигасында ("Вердер”) жинаған біліктілігі "Ақтөбеге” заманауи футбол стилін қалыптастыру үшін қажет.
Виктор Скрипник — заманауи тактика мен темірдей тәртіпті ұстанатын бапкер. Ол "Вердер” (Бремен) клубын жаттықтырған алғашқы Украиналық маман ретінде танымал.
Біздің серіктес: FONBET