"Ақтөбе" жанкүйер ең көп тамашалайтын клуб

07.07.2024, 19:08

"ҚПЛ-дің бірінші айналымында ең көп жанкүйер жинаған команда - "Ақтөбе".

"Ақтөбе" - "Қайрат" кездесуі

Жалпы, премьер-лиганың бірінші айналымындағы 78 ойынды 331 354 адам тамашалаған. Бұл дегеніміз бір матчқа орташа есеппен 4248 көрермен келген деген сөз. Ең көп фанат жинаған бәсеке - "Қайрат" - "Ақтөбе" ойыны. Бұл кездесуді 22 804 адам тамашалады. Ал ең аз жанкүйері болған - "Жеңіс" - "Тұран және  "Жеңіс" - "Атырау" матчы. Қос ойынға да тек 100 адамнан келген. 

Айта кетейік, ҚПЛ-дің бірінші айналымын бірінші орынмен аяқтаған "Ордабасы". Былтырғы чемпион еншісінде 25 ұпай. Екінші сатыда"Ақтөбе", үздік үштікті "Қайрат" түйіндеді.