«Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Никита Корзун командасының маусымын бағалады.
Сондай-ақ, Беларусь құрамасының футболшысы жеке өзінің өнеріне де тоқталған болатын. Естеріңізде болса, «ақ-қызылдар» биыл премьер-лиганы жүлдесіз аяқтап, біраз уақыттан бері Еурокубокте өнер көрсету мүмкіндігінен айырылды.
«Жанкүйерлер күткендей көп гол соға алмаған шығармын. Маусымды сәтсіз өткіздім дей алмаймын. Ал жалпы команда жайлы айтсам, әрине, маусым өте сәтсіз болды, себебі, біздің алдымызда мүлде басқа мақсаттар тұрған еді. Олардың ешқайсысын орындай алмадық. Ал жеке өз басыма қатысты айтар болсам, маусымды ойдағыдай өткізбедім дегенмен келіспеймін», - деді Н. Корзун Sport5.by порталына берген сұқбатында.
Никита Корзун биыл «Ақтөбе» жейдесінде ҚПЛ-де 20 матчта 1 гол мен 1 ассисттің авторы атанды. Былтыр жартылай қорғаушы семейлік «Елімайда» ойнаған. Мансабында тағы «Динамо» Минск, «Динамо» Киев, «Вилафранкенсе» (Португалия) және тағы басқа клубтардың намысын қорғады. Никита Корзун мен «Ақтөбе» келісімшартты тағы бір жылға келесі маусымның соңына дейін созды. Футболшының нарықтық бағасы 450 мың еуро.
Біздің серіктес: FONBET