Жарнама
Жарнама

“Ақтөбе” жасөспірімдер командасының ойыншысы өмірден өтті

13.10.2025, 14:50

"Ақтөбе" футбол клубының 15 жастағы ойыншысы Арон Мұса көз жұмды. Ол клубтың 16 жасқа дейінгі командасында (U-16) ойнап жүрген дарынды қорғаушы болатын. Қайғылы жағдайда Аронмен бірге оның әжесі мен немере ағасы да өмірден озғаны хабарланды.

Жарнама
Жарнама

"Ақтөбе” футбол клубы Instagram парақшасында ауыр хабарды растап, көңіл айтты:

"Бақұл бол, Арон!

Кеше, QJ league турнирінде ойнайтын "Ақтөбе U-16" командасының ойыншысы, 15-жастағы футболшы Арон Мұса өмірден озды. Аронның отбасында үлкен қайғы орын алды. Арон бауырымызбен бірге әжесі және немере ағасы да көз жұмды. Мұса әулетіне, туған туыстарына қайғыра көңіл айтамыз.

Аро #15 - сен біздің жүрегіміздесің!"

Арон Мұса биылғы маусымда 6 матчқа қатысып, бір нәтижелі пас бергені белгілі. Бапкерлер мен әріптестері оны еңбекқор, табанды әрі жауапкершілігі жоғары ойыншы ретінде сипаттайды.

Ресми дерекке сүйенсек, оқиға Ақтөбе қаласындағы Кутуев көшесі, 27-үйде болған.

Төтенше жағдайлар қызметі келген сәтте ашық жалын байқалмағанымен, үйдің ішінен үш адамның денесі табылған.

Алдын ала болжам бойынша, газбен улану қайғылы жағдайдың басты себебі болуы мүмкін.

Қазір оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды және қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.

Тиісті органдар үйдегі газ жабдықтарының техникалық жағдайын тексеруге кіріскен.

“Ақтөбеден” бөлек QJ League ұйымдастырушылары және Қазақстан футбол қауымдастығы Арон Мұсаның отбасына терең қайғырып, көңіл айтуда.

Жергілікті БАҚ пен жанкүйерлер әлеуметтік желілерде #Aro15 хэштегімен жас футболшыны еске алып жатыр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров