Жарнама
Жарнама

“Ақтөбеде” адам аз жиналыпты

Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры аясында ойындарға келген фанаттар саны белгілі болды.

Жарнама
Жарнама

Сенбі және жексенбі күндері сіз бен біз 7 матчтың куәсі болдық. Турдан кейін сол ойындарға жиналған қауымның есебі шығыпты:

“Ақтөбе” - “Оқжетпес” - 9800 адам

“Қайрат” - “Елімай” - 8954

“Ордабасы” - “Тобыл” - 5000

“Астана” - “Ұлытау” - 3250

“Жетісу” - “Атырау” - 3000

“Қызылжар” - “Жеңіс” - 3000

“Тұран” - “Қайсар” - 1000 

“Ақтөбе” ұжымы тур қорытындысы бойынша ең көп адам жинаған команда. Алайда ақ-қызылдар үшін бұл бәрібірде төмен нәтиже болып тіркелді. Мәселен, “Ақтөбенің” бұған дейін матчтарында кемінде 11 мың фанат стадионда қолдау көрсетіп отырған. Көрсеткіштің төмендеуі клуб басшылығының істеп отырған іс-әрекеттеріне байланысты деп ойлаймыз. Командада қолы құйт етсе, бапкер ауыстыра беретін Шалекенов мырза қызметінен кетпейінше, стадионға аяқ басып аттамаймыз дегендердің қарасы көбейіп жатыр.

Еске салсақ, “Ақтөбе” кешегі өткен кездесуінде “Оқжетпесті” 2:1 есебімен тізе бүктірді. Матчта Артур Шушеначев дубль жасап, өз командасының 3 ұпай еншілеуіне мүмкіндік туғызды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: