Жарнама
Жарнама

“Ақтөбеде” бапкер ауысуы мүмкін

“Ақтөбе” командасының басшылығы “Қайсарға” қарсы сәтсіз ойыннан кейін дереу жиналыс жасапты. Онда бас бапкер Дмитрий Парфеновқа байланысты шешім қабылданды. 

Жарнама
Жарнама

Қос ойын қатарынан тең ойнаған Дмитрий Парфеновтың көрсетіп жатқан нәтижесі ақ-қызылдар басшылығының көңілінен шықпай қалғаны бар. Әр турда чемпиондық үшін талас құрып жатқан команда соған қарамастан, бапкерге бір мүмкіндік беруді жөн көріпті. Онда Парфенов “Ақтөбенің” “Ордабасыға” қарсы өтетін сырт алаң ойынында жеңіске жетуі тиіс. Сонда ғана клубтың чемпиондыққа айтары болады. Егерде бапкер өз алдына қойылған мақсатты орындамаса, қызметінен кетеді.

Дмитрий “Ақтөбе” бапкерлігіне осы жылдың басында тағайындалды. Ол қазақстандық ұжымнан бөлек, өз мансабында “Арсенал” “Тула”, “Тосно”, “Урал”, “Родина” және “Текстильщик” клубтарын жаттықтырды.  

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: