Жарнама
Жарнама

Ақтөбеде өңірлік футбол федерациясының жаңа базасы салынады

21.11.2025, 16:20

Ақтөбе облысында футбол инфрақұрылымын түбегейлі жақсартатын маңызды жоба іске қосылмақ, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

"КФФ Арена" деп аталатын жаңа база аймақтағы футболды дамытуға бағытталған. Кеше облыс әкімінің орынбасары Абзал Әбдікаримов төрағалық еткен өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында жоба бірауыздан қолдау тапты.

Серый CARDINAL телеграм арнасының мәліметінше жоба механизмі қарапайым әрі тиімді. Акимат жер телімін береді, Қазақстан Футбол Федерациясы нысанды салады, кейін ол өңірлік футбол федерациясының сенімгерлік басқаруына беріледі.

База құрамында екі толық өлшемді жасанды футбол алаңы, әкімшілік-тұрмыстық кешен, көрермендер трибуналары, күтіп отырғандарға арналған кафе болады. Бұл тәжірибе Хорватия мен Сербиядан алынған.

Бұл идея 5 жыл бұрын туындаған. Ол кезде федерация басшылығы жобаны қолдаса да, іс жүзінде алға жылжымаған. Кейін Әділет Барменқұлов та қолдаған, бірақ облыстың сол кездегі әкімі Ералы Тоғжановпен болған келіспеушіліктер салдарынан жоба тағы тоқтап қалды.

Бәрі биыл қайта жанданды. ҚФФ президенті Марат Омаров келісуді Бекжан Сафиновқа тапсырғаннан кейін, жоба нақты қозғалыс алды.

Сафинов ұсынысты тыңдап, бір айдан соң дайын эскизін ұсынды. Омаров та жобаны қолдады.

Тамыз айында Сафинов Ақтөбеге келіп, өңір басшысы Асхат Шахаровпен кездесіп, толық қолдау алды.

Қысқа мерзімде тиісті жер анықталып, жоба инвестициялық жоба ретінде мойындалды.

Қазір Ақтөбе қаласының әкімдігінен жерге орналастыру жобасын әзірлеуге бағыттама күтілуде. Ол бекітілгеннен кейін қала әкімі барлық құқық белгілейтін құжаттарды рәсімдейтін қаулы шығарады.

Бұл жоба Ақтөбеде соңғы жылдары өте өзекті болған мәселені — толық өлшемді футбол алаңдарының жетіспеушілігін шешеді.

Сонымен қатар, өңірлік футбол федерациясы алғаш рет өзінің тұрақты базасына ие болады.

"КФФ Арена” – әлем чемпионаты немесе Чемпиондар Лигасының жобасы емес. Бұл – жергілікті деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге бағытталған, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың спорттық инфрақұрылымды дамыту туралы тапсырмасымен толық үйлесетін бастама.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров