"Ақтөбе" айналасындағы шытырман оқиғалар толастар емес. Қызметіне кіріскеніне небәрі үш ай толған басшының креслосы теңселді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Aқпарат көздерінің хабарлауынша, клубтың басқарма төрағасы Арман Оспанов жақын арада қызметінен босатылуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, Арман Оспанов бұл лауазымға осы жылдың 8 қаңтарында ғана тағайындалған болатын. Арада небәрі 90 күндей уақыт өткенде, клуб басшылығын ауыстыру туралы шешім пісіп-жетілген көрінеді.
Мәліметтерге сенсек, жұмыстан босату туралы ресми шешім ҚПЛ-дың 7-ші туры аясындағы "Ақтөбе" — "Ертіс” матчына дейін жариялануы тиіс. Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда өтетін бұл ойынды клуб жаңа басшымен қарсы алуы әбден мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET