Ақтөбе қаласында жаңа футбол стадионы мен көпфункциялы спорт кешенінің құрылысы белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Нысандар қаланың "Алтын Орда" шағын ауданында бой көтеруде. Мұнда сонымен қатар драмалық театр пен өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандар салынуда.
Серый CARDINAL телеграм арнасының хабарлауынша Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров құрылыс алаңында болып, аймақтағы футбол мен бұқаралық спорттың дамуы жайлы пікір білдірді. Ол өңір спортшыларының әлеуетін арттыру үшін сапалы инфрақұрылым қажет екенін атап өтті:
"Мемлекет басшысы жаңа футбол академиясын салу туралы нақты тапсырма берді. Егер біз жоғары деңгейдегі спортшыларды тәрбиелегіміз келсе, оларға лайықты жағдай жасауымыз керек. Өткен жылы өз академиямызды аштық. Ендігі мақсат — жергілікті клубтарды дамыту, бұқаралық спортты қолдау және ұлттық құраманың болашақ ойыншыларын тәрбиелеу. Ол үшін барлық жағдай өңірлерде жасалуы тиіс.” – деді әкім.
Асхат Шахаровтың айтуынша, мұндай ауқымды жобалар ел Президентінің қолдауының арқасында жүзеге асып жатыр. Бұл бастамалар аймақтағы футболды жүйелі дамытуға, кәсіби спортшылар даярлауға және тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді.
Ақтөбе – еліміздегі футбол дәстүрі терең өңірлердің бірі. Мұндай нысандардың салынуы аймақ спортына жаңа серпін беріп, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттырары сөзсіз.
Біздің серіктес: FONBET