Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Артур Шушеначев қысқы трансферлік кезеңде "Ақтөбеден" кетуі мүмкін.
Шушеначев шетелдік чемпионаттарда өз күшін сынауға дайын, сонымен қатар Қазақстан Премьер лигасындағы командалардан да қызығушылық бар. Атап айтқанда, "Елімай” шабуылшыны өз қатарында көргісі келеді.
Vesti.kz мәліметінше Семейлік клуб өз құрамындағы Қазақстандық маңызды ойыншыларын, мысалы, Ғалымжан Кенжебек немесе Рамазан Оразовты жоғалтуы мүмкін екенін жақсы түсінеді. Сол себепті команданың әлеуетін сақтау үшін ұлттық құраманың деңгейіндегі ойыншылармен толықтыру жасау маңызды деп санауда. Бұл тізімде Шушеначевтің есімі бар.
Біздің серіктес: FONBET