Ақтөбе облысының футбол федерациясы қызметкерлері, бапкерлері және басшыларының Сербияға іссапары сәтті аяқталды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Серый CARDINAL телеграм арнасының мәліметінше Бачки-Топола қаласынан кейін делегация жеке футбол мектебі “011” базасын көрді. Мектеп 20 жылдан астам жұмыс істеп келеді және ойыншыларды елдегі және Еуропадағы жетекші клубтарға сату тәжірибесіне ие. Қонақтар мектеп негізін қалаушымен кездесіп, көптеген қызықты ақпарат алды.
Сапардың екінші күні делегация Сербияның ең атақты стадионы "Црвена Звезда” клубының стадионында болды, ойыншылар мен бапкерлермен, оның ішінде Наир Тикнизян және бас бапкер Владaн Милоевичпен кездесіп, тәжірибе алмасты. Сонымен қатар, бұрынғы Югославияның тағы бір аңызы — "Партизан” клубының базасын көрді.
Сербия Футбол одағының департамент басшысы делегацияға команданы құру, жаттығу процесін ұйымдастыру және селекция тақырыптарында екі қызықты дәріс өткізді.
Сапардың соңғы күні қазақстандықтар "Партизан” академиясының басшылығымен кездесті.
Осылайша үш сағаттық кездесу барысында көптеген тәжірибе жинақталды.
Біздің серіктес: FONBET