Польшалық “Легия” еурокубок іріктеуінің 3 кезеңі аясында кипрлік АЕК ұжымында қонақта болды.
Кипрдің Ларнака қаласында өткен кездесуде алаң иелері Варшава футболшыларын 4:1 есебімен айқын жеңіске жетті. Матч барысында АЕК сапынан Понс, Ангиельски, Хакон және Райович (автогол) соқты. Ал қонақтар Кипр ұжымына жауап ретінде 1 ғана голды таблоға тіркеді. 32 жастағы Жан-Пьер Нсаме матчтың 4:1 есебімен аяқталуына сеп болды.
Қос ұжым арасындағы қарымта кездесу 15 тамыз күні Польша жерінде өтеді. Қос матч қорытындысы бойынша келесі кезеңге өте алмаған команда Конференция Лигасына автоматты түрде түсіп қалады.
Еске салсақ, “Легия” “Ақтөбені” Еуропа Лигасының 1 іріктеуі аясында қос матч қорытындысы бойынша 2:0 есебімен ұтып, қазақстандық ұжымның еуродада бір саты төмендеуіне негіз болған еді. Ары қарайда қазақстандық ұжым мықты қарсыласқа жолығып, биылғы маусымдағы еурокубоктік додамен қоштасқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET