Жарнама
Жарнама

«Ақтөбенің» бас бапкері: ҚПЛ-дегі кездесудің әрқайсысы біз үшін финал секілді болайын деп тұр

21.09.2024, 09:55

«Ақтөбенің» бас бапкері Игорь Леонов ҚПЛ 21-турындағы «Тобылмен» өтетін ойын туралы айтты.

Игорь Леонов
Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, украиналық маман Қазақстан Кубогінің маңыздылығына ерекше тоқталды. 

«Қазір ең бастысы - 29-қыркүйектегі Қазақстан Кубогіндегі финалдық кездесу дер едім. Жалпы біздің бес ойынымыз қалды. ҚПЛ-дегі кездесудің әрқайсысы біз үшін финал секілді болайын деп тұр.  «Тобылмен» болған ойынды көрдім. Біз 3:4 есебімен ұтылдық, жақсы матч болған. Бірақ, қазір жігіттер етек-жеңдерін жинап, сақадай-сай. Сондықтан, қостанайлықтармен болатын бәсекеге тас- түйін дайындалып, есе қайтаруды ойлаймыз», - деген еді И. Леонов. 

Естеріңізде болса, қыркүйектің 29 күні Қазақстан Кубогінің финалында «Ақтөбе» мен «Атырау» жолығады. Одан бұрын ақтөбелік команда премьер-лига аясындағы ойында сырт алаңда «Тобылға» қарсы тұрады. Бұл бәсеке ертең өтеді. Ел біріншілігінде «Ақтөбе» 20 турдан кейін бірінші орында келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров