Жарнама
Жарнама

«Ақтөбенің» болашақ жұлдызы! 19 жасар жартылай қорғаушы туған клубы үшін жақсы ұсыныстан бас тартқан

04.06.2025, 11:54

ҚПЛ-дің 11-турында «Қайраттың» қақпасына гол салған «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Аян Байдәулетовке бірнеше жыл бұрын алматылық клуб ұсыныс жасаған.

Аян Байдәулетов
Жарнама
Жарнама

Бұл туралы танымал спорт сарапшысы Нұркен Мырзағалиев «Sport+» YouTube-арнасына берген сұқбатында айтты.

«Аян Байдәулетов туралы қызықты факт айтып берейін. Аян – Ақтөбе футболының түлегі. Бірнеше жыл бұрын «Қайрат» Аян мен 2006-жылғы тағы бірнеше футболшыны шақырып, ұсыныс жасады. Сол кезде Аян «Қайратқа» ауысудан бас тартқан болатын. Ол «Ақтөбенің» түлегі болғандықтан әрі туған командасы үшін ойнайтынын айтқан еді», - деді Н. Мырзағалиев.

Аян Байдәулетов Ақтөбенің негізгі командасына дейін жастар құрамында доп тепкен. Сондай-ақ, 19 жасар ойыншының Қазақстан U 19 командасында өткізген 3 матчын да айта кету керек. Ұлттық құрама жейдесіндегі сол 3 кездесуде Аян бір голдың авторы атанған. Жартылай қорғаушының нарықтық бағасы 25 мың еуроны құрайды. Клубпен келісімшарты биылғы жылдың аяғына дейін жарамды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров