Жарнама
Жарнама

“Ақтөбенің” бұрынғы бапкері ҚПЛ-ге оралмақ

Бүгін, 13:59

Болгариялық маман Николай Костов "Қайсардың" тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Елдар Аманбаевтың мәлімдеуінше, клуб басшылығы команданың маусым басындағы көрсеткіштеріне көңілі толмай, бас жаттықтырушыны ауыстыру мәселесін қарастыруда. Бос қалған орынға басты үміткерлердің бірі – болгариялық маман Николай Костов.

62 жастағы бапкер Қазақстан футболының қыр-сырын жақсы біледі. Жақында ғана “Ақтөбе” клубынан кеткен маман қазір еркін агент мәртебесінде.

Костовтың тактикалық шешімдері мен ойын өрнегі “Қайсардың” қазіргі жағдайына серпін беруі мүмкін.

Клуб басшылығы түбегейлі шешім қабылдамас бұрын командаға соңғы мүмкіндік беріп отырған сыңайлы. Егер алдағы турларда “Қайсар” оң нәтиже көрсете алмаса, Костовтың Қызылордаға келуі уақыт еншісіндегі мәселе болмақ.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров