Жарнама
Жарнама

“Ақтөбенің” бұрынғы бапкері Ресей чемпионаты ұжымында қызмет жасайды

Дмитрий Парфенов - мәскеулік “Торпедо” бапкері атанды!

Жарнама
Жарнама

51 жастағы маман соңғы рет “Ақтөбені” жаттықтырған болатын. Парфенов сонда клуб тізгінінде 27 матч өткізіп, 13 жеңіс, 8 тең және 6 жеңіліс нәтижелерін тіркеді.

Парфенов “Торпедо” командасымен маусымның соңына дейін келісім шартқа отырды. Ол бапкерлік қызметі үшін Мәскеу ұжымынан 1 млн рубль алатын болады. Егерде команда Ресей Премьер-лигасына көтерілетін болса, онда жалақы соммасы едәуір артады. Жалпы Дмитрийге бапкерлік жұмыста Юрий Ковтун көмектесетін болады.

“Ақтөбенің” экс-бапкері өз мансабында мына ұжымдарды баптаған: “Текстильщик”, “Урал”, “Арсенал” Тула, “Родину” және “Тосно”.

Айта кетейік, “Торпедо” ұжымында кезінде “Қайрат” намысын қорғаған Гүлжігіт Алықұлов өнер көрсетеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: