Жарнама
Жарнама

“Ақтөбенің” экс-ойыншысы “Бунедқор” сапындағы алғашқы голын соқты

27 жастағы шабуылшы Андрия Филипович “Бунедқордың” “Навбахормен” болған бүгінгі матчтында ерекшеленді.

Жарнама
Жарнама

Хорватиялық кездесудің небәрі 9 минутында қарсылас қақпасынан саңылау тапты. Оның ерекшеленуіне командаласы Темурходжа Абдухоликов мүмкіндік туғызды. “Бунедқор” ойын барысында екі рет таблодағы есепте алға шыққанымен, Джамшид Искандеров дубль жасап, “Навбахордың” ойын қорытындысы бойынша тең нәтижеге қол жеткізуіне жағдай жасады. 

Андрия венгриялық “Кишвардадан” ауысқалы Өзбекстан ұжымында 4 матч өткізді. 

Филипович 2022 және 2023 жылдар аралығы “Атырау” мен “Ақтөбе” сапында өнер көрсетті. Мұнайшылар қатарында барлығы 24 ойын өткізіп, 13 гол соққан хорватиялық маусым қорытындысы бойынша үздік сұрмерген атанған. 

“Бунедқор” Суперлиганың 16-турынан кейін 12 ұпаймен 13 орында келеді. Команданың жоғары біріншіліктен ұшып кету қаупі басым. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: