"Ақтөбенің" капитаны: Бұл бәсекенің клуб үшін қаншалықты маңызды екенін білеміз

18.07.2024, 14:39

Бүгін Конференция Лигасының бірінші іріктеу кезеңінің жауапты матчында "Ақтөбе" сырт алаңда "Сараевомен" жолығады. Қос команданың бірінші бәсекесі босниялық клубтың жеңісімен аяқталды (0:1). Жауапты ойын алдында қазақстандық ұжымның капитаны Леонел Струмия пікірімен бөліскен болатын. 
 

"Ақтөбе" - "Сараево" кездесуі

"Біріншіден, біз алдыңғы ойындағы қателігімізді білеміз. Ал осы кездесуге дайындалуға бір апта уақытымыз болды. Бұл бәсекенің клуб үшін қаншалықты маңызды екенін білеміз, сондықтан ұтуға бар күшімізді саламыз. Біз дайынбыз", - деді Л. Струмия. 
Айта кетейік,"Сараево" - "Ақтөбе" кездесуі бүгін сағат 23:50-де басталады. Сондай-ақ, бүгін “Тобыл” Еуропа Лигасындағы өзінің ойынын өткізеді. Бірінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуінің ысқырығы кешкі 20:00-де шалынады. “Тобыл” мен “Ружомберок” командаларының бірінші бәсекесінде алаң иелері 5:2 есебімен басым түскен болатын. Қостанайлықтар келесі кезеңге өту үшін жауапсыз 4 гол салуы тиіс.