Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» мен варшавалық «Легия» кездесетінін барлығы да біледі. Бірақ, қос қарсылас трансферлік терезеде бір-бірінен асып түсердей дайындалуда. Польшалық команда тіпті еуропаның бірнеше чемпионатында доп тепкен словениялық футболшыны да өз қатарына қосыпты.
Еурокубоктік іріктеу кезеңдері басталмай тұрып, түрлі БАҚ беттерінде «Легияның» жаңа бапкері 47-жастағы румын маманы Эдуард Йордэнеску клубтың трансферлік-саясатына көңілі толмайтындығы жайлы ақпарат тарап кеткен еді. Оның пікірінше, команда құрамын күшейту бағытында қажетті жұмыс толық атқарылып жатқан жоқ.
Сол уақытта варшавалық клуб өз сапын тәжірибелі қорғаушымен толықтырды. Петар Стоянович «Легия Варшава» клубына «Эмполи» клубымен келісімшарты аяқталғаннан кейін еркін агент ретінде қосылды. Ол өткен маусымды «Салернитана» сапында аренда негізінде өткізді, жалпы 31 матчқа қатысып, оның 28-і Италияның В сериясында өтті. Стоянович — Словения құрамасының тұрақты ойыншысы, оның еншісінде 66 ойын мен 3 гол бар. Ол «Легиямен» 2028 жылдың 30 маусымына дейін келісімшартқа қол қойды. Ойыншы Хорватия чемпионатында 5 мәрте жеңімпаз атанған және Серия А-да 61 матч өткізген тәжірибесімен ерекшеленеді.
Стоянович Словения құрамасында 66 рет ойнаған және соңғы Еуропа чемпионатына қатысқан. Бұған дейін ол Загребтің «Динамо» клубында ойнаған және Италияның А және В серияларында тәжірибе жинақтаған.
Полшалық БАҚ-тарының Pianetaempoli басылымына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, ол Варшаваның «Легия» клубымен екі жылдық келісімшартқа, үшінші жылға опциямен, келісімге келген.
Айта кетейік, «Легия» 17 шілде күні УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясында қазақстандық «Ақтөбе» клубымен ойнайды. Өз кезегінде, «Ақтөбе» жазғы трансферлік терезеде құрамын қазақстандық екі тәжірибелі ойыншымен – Артур Шушеначев пен Георгий Жуковпен толықтырды.
Біздің серіктес: FONBET