Жарнама
Жарнама

“Ақтөбенің” пландарының күлі көкке ұшты

29.11.2025, 17:12

"Ақтөбе" трансферлік нарықтағы жұмысын толық тоқтатып, шетелде жоспарланған дайындық жиындарын да өткізуден бас тартты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Aman VIBE-тың хабарлауынша, клубтың мұндай шешім қабылдауына нақты себеп бар.

Клубқа қатаң нұсқау берілген – жаңа ойыншылармен және қазіргі құрамдағы футболшылармен жүргізіліп жатқан барлық келіссөздерді тоқтату. Бұл шешім клубтың барлық құқықтары мен басқару өкілеттіктерін жаңа басшылыққа беру процесі аяқталғанша күшінде болады.

"Клубқа трансферлік жұмыстарды жаңа басқармаға толық өтуге дейін тоқтату туралы нақты бұйрық берілді.” — деп хабарлады дереккөз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров