Қазақстандық бапкер Алмас Құлшынбаев «Аладоп.кз» сайтына Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде өнер көрсетіп жатқан «Ақтөбенің» мүмкіндігін таразылап, пікірін айтты.
Естеріңізде болса, ақтөбеліктер сырт алаңда өткен бірінші кездесуде польшалық «Легиядан» 0:1 есебімен ұтылған болатын.
«Расын айтқанда, өз басым «Ақтөбе» бұдан әлдеқайда ірі есеппен ұтылады-ау деп қорыққан едім. Көреміз енді, бірақ ары қарай «Легия» өтіп кететін сияқты. Не дегенмен, Польша футболы, дәлірек айтқанда Польша чемпионаты Грузиядан анағұрлым мықтырақ. Сондықтан, «Легияны» азулы қарсылас деуге әбден болады. Варшавалықтар Еуропалық деңгейде де ортаңқол ұжымның бірі саналады. Польшалық команда Ақтөбеде жеңілмейді және ары қарай өтеді», - деді танымал маман «Аладоп.кз» сайтына.
Командалардың қарымта кездесуі бүгін 21:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET