22-жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Нұрдәулет Ізбасаров «Минск» командасында қаралымнан өтуде.
Бұл туралы «Ухо» телеграмм-арнасы мәлімдеген болатын.
Н. Ізбасаров «Ақтөбе» футбол клубының түлегі саналады. Өткен маусымды жартылай қорғаушы «Оқжетпес» жейдесінде өткізген – көкшетаулық клуб сапында Бірінші лига аясында сегіз матчта алаңнан көрінді. Қазір ойыншы минскілік ұжымның оқу-жаттығу жиындарына қатысып, өзінің бағын сынап көруде.
Футболшы «Ақтөбенің» негізгі командасының сапында көп мүмкіндік ала қоймады, негізінен жастар командасында шеберлігін шыңдаған болатын. Transfermarkт-те футболшының нарықтық бағасы 25 мың еуро деп көрсетілген.
Біздің серіктес: FONBET