"Ақтөбенің" жартылай қорғаушысы Талдықорғанға тарта ма?

18.06.2024, 17:05

Арман Кеңесов жақын арада "Жетісудың" қатарын толықтыруы мүмкін.

Арман Кеңесов "Ақтөбе" сапында

23 жасар жартылай қорғаушы "Ақтөбедегі" ойын тәжірибесіне көңілі толмайтын көрінеді. Осы себепті футболшы клуб ауыстыруға бел буыпты. Арманның таңдауы Талдықорғанға түскен сыңайлы. Әзірге бұл жайлы нақты бір ақпарат жоқ барлығы тек сыбыс күйінде қалып отыр. "Ақтөбе" ойыншысы "Жетісу"бапкерімен жақсы таныс. Қайрат Нұрдәулетов Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істегенде Арман Кеңесовпен жолдары түйіскен болатын. Айта кетейік, футболшы осы маусымда "Ақтөбе" сапында 8 кездесуге қатысып, 2 голдық пас берген.