«Аль-Айн» командасы Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханмен допинг дауынан байланысты келісімшартты бұзды.
«Допинг дауына байланысты «Аль-Айн» клубы Исламханмен келісімшартын бұзды. Оның келісімшарты 2023 жылға дейін жасалған еді», - деп жазды UAE Sports News басылымы.
Айта кетейік, Азия футбол Конфедерациясы «Аль-Айн» ойыншысы Бауыржан Исламханның қанынан допинг табылған соң уақытша спорттан шеттеткен еді.
Исламхан Арабиялық клубқа өткен жылдың қысында ауысқан болатын. Ал жазда келісімшартын үш жылға ұзартқан еді.
Біздің серіктес: FONBET