"Аль-Садд" клубы бас бапкер Хавидің "Барселонаға" ауысуы туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады.
"Аль-Садд" клубының басшылығы Хавидің екі жылдық келісім-шарты бар екенін және бар назарын алдағы матчтарға аударатынын хабарлайды. Мақсатымыз – лигадағы алғашқы орнымызды сақтап, титулды қорғау", - деп жазды катарлық клуб Twitter-дегі ресми парақшасында.
Ал Diario Sport басылымының мәліметінше, Хави "Аль-Садд" клубының ойыншыларына "Барселонаға" кететінін айтып қойған. Ресми ақпарат 4 қараша күні шығады деп күтілуде.
Біздің серіктес: FONBET