Жарнама
Жарнама

Алаба Австрияның жыл ойыншысы атанды

23.12.2020, 00:44
Алабаның «Бавариямен» келісімшарты жазда аяқталады.
Жарнама
Жарнама

Мюнхендік “Бавария” мен Австрия құрамасының ойыншысы Давид Алаба 2020 жылғы Австрияның ең үздік ойыншысы атанды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Алаба Марсель Забитцер (“РБ Лейпциг”) және Доминик Собослаиды (“РБ Зальцбург”) артқа қалдырды. Алаба бұл жүлдені осыған дейін алты мәрте (2011-2016) қатарынан ұтқан еді.

“Бұл үлкен мәртебе. Марапат үшін шексіз ризалығымды білдіремін”, – деп алғыс айтты Давид.

Ағымдағы маусымда Алаба барлық турнирлерде 22 ойын өткізіп, бір мәрте қақпа торын тулатқан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров