Жарнама
Жарнама

“Аладоп” ұжымы Республикалық турнир жүлдегері атанды

Бүгін «Парасат» Ордені иегері, КСРО спорт шебері Сейілда Байшақовты еске алуға арнаған ардагерлер турнир аяқталды.

Жарнама
Жарнама

7 рет қатарынан өткізіліп келген бесекенің алғашқы ойынында “Аладоп” ұжымы Ақтөбеден келген “Аралпетролеум” Ембі командасын 2:0 есебімен жеңді. Келесі кездесуінде Нұрмұхаммед Мәуленов баптауындағы ұжым шулықтарды мерзімінен бұрын турнирден шығарып тастады (3:1). Соңғы шешуші ойында “Аладоп” Қызылорда облысы “Жаңақорғанмен” жолдары түйісті. Басында 3:1 есебімен айқын басымдығы болған жергілікті команда ойын бітірге дейін қарсыластын есепті теңестіріп кетуіне жол берді.

Осылайша, “Аладоп” голдар айырмасының көрсеткіші бойынша “Жаңақорғанға” жол бергендіктен, турнирдің күміс жүлдесіне қол жеткізді.  

Бұның алдында біз “Аладоптың” 35+ санатында Жамбыл облысының әуесқойлары арасындағы турнирін жеңгендігі жайында жазған болатынбыз. Енді міне, тағы бір ұжымымыз жүлдегер қатарынан табылып, “Аладоптың" атын қайта шығарды. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: