Жарнама
Жарнама

Алаяқтардың арбуына түсіп қалған... Албаниялықтар нигериялық футболшы үшін «Қайсардан» неге миллиондар талап еткен?

Бүгін, 12:13

«Поградеци» клубы «Қайсардан» нигериялық шабуылшы Имо Эзекильді тіркеу мәселесін жедел шешу үшін қомақты қаржы сұраған.

Имо Эзекиль "Қайсар" жейдесінде
Жарнама
Жарнама

Албаниялық команда шабуылшының қызылордалық клубқа тезірек тіркелуіне 10 мың доллар талап еткен ұқсайды. Жағымсыз оқиғаға Албания футбол федерациясының да қатысы бар көрінеді.   

Қазақстан премьер-лигасының 2-турындағы «Астанаға» қарсы матчта «Қайсар»  Имо Эзекильдің көмегіне жүгіне алмады. Бұған нигериялықтың бұрынғы клубынан берілетін босату құжаты қажет еді. Онсыз футболшының «дала қасқырларының» сапында ойынға қатысуы мүмкін емес еді. Қызылордалық клуб талап етілген соманы азайтуға тырысқанымен, албаниялықтар бұған келіспеген ұқсайды. Екі жақ мәмілеге келе алмауы себепті 32 жастағы шабуылшы маңызды кездесуді өткізіп алды. Айта кетейік, ол матч 0:0 есебімен аяқталған болатын.

«Transfermarkt» дерегіне сәйкес, Имо Эзекильдің албан клубымен келісімшарты биылғы жылдың ақпанында аяқталған. Имо Эзекиль мансабында Непалдың «Лалитпур» және Румынияның УТА клубтарында ойнады. Кәсіби спорттағы алғашқы қадамын Бельгияның «Стандард» клубында бастады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров