Қазақстандық шабуылшы Аламгир Смақов Түркияның жасөспірімдер лигасында кезекті голын соқты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ол өнер көрсететін «Бешікташ» U-19 командасы өз алаңында «Коджаэлиспор» U-19 клубын 3:1 есебімен жеңді.
Кездесуде Қазақстандық футболшы қарсылас қақпасын дәл көздеп, командасының жеңісіне үлес қосты. Осы нәтижеден кейін «Бешікташтың» жасөспірімдер командасы 21 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Аламгир Смақов — Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы капитаны Самат Смақовтың ұлы. 18 жастағы футболшы биыл тамыз айында «Бешікташ» жүйесіне қосылған болатын. Ол бұған дейін Қазақстанда «Қайрат-Жастар» сапында өнер көрсетті.
Жас шабуылшының Түркия чемпионатындағы нәтижелі ойыны Қазақстандық футбол жанкүйерлерінің назарын аударып отыр. Енді Смақовқа осы қарқынын сақтап, «Бешікташтың» жастар құрамындағы орнын нығайту маңызды.
Біздің серіктес: FONBET