«Тобыл» — «Локомотив» 1:2 (0:1)
Голдар: Бугаев 16 (0:1), Кислицын 54 (1:1), Бугаев с пенальти 61 (1:2)
Ескертулер: Азовский 65
«Тобыл»: Петухов, Кислицын (Шептицький 72), Кучера, Лотов (к), Овшинов, Юрин, Волков, Богданов, Куантаев, Сливич (Костюк 46), Гридин
«Локомотив»: Белкин, Нұрдәулетов, Рожков, Гурман, Киров, Шомко (Даутов 85), Карпович (К) (Шахметов 41), Азовский, Жұмаскалиев, Баговац (Қонысбаев 68), Бугаев
Бас төреші: Рақымбаев Айдын (Алматы)
Астана «Астана-Арена».
Хольгер Фах, “Локомотив” командасының бас бапкері:
- “Тобыл” бапкерінің баспасөз маслихатына келмей қалуы футболды сыйламау деп білемін. Біз бүгін жеңіске нағыз лайық ойын көрсеттік. Сондықтан кубокты жеңуіміз заңдылық. Енді ел біріншілігінің алғашқы турына алаңсыз дайындаламыз.
- Карпович-Жұмасқалиев жұбының ойыны үйлесім табады деп ойлайсыз ба? Екінші сауал Сабитовтың баспасөз маслихатына келмеуі не себептен?
- Екі мықты біздің командада. Осының өзі бізге үлкен үмітке жетелейді. Ал Сабитов екеуміздің арамыз дұрыс емес.
Равиль Сабитов, “Тобылдың” бас бапкері:
- Ойынға берер бағам жақсы. Бірінші таймда ойынымыз жүрмеді. Себебі алаң бізге таныс емес еді.
- Ойын төрелігіне қалай баға бересіз?
- Бұл сұрақты маған қоймаңыз.
- Аппеляция жазасыздар ма?
- Жазғаннан не пайда? Моральдық жағынан ойынға көңілім толады.Біздің серіктес: FONBET