Жарнама
Жарнама

"Алания" футболшыларын Қазақстан клубтары таратып алды

01.03.2014, 05:45
Жарнама
Жарнама

Ресейдің Бірінші лигасында өнер көрсететін «Алания» клубы қаржылық жағдайына байланысты біріншілікте ойнаудан ресми түрде бас тартты. Биылғы маусымда қысқы үзіліске дейін 23 матч өткізіп, 46 ұпай жинаған еді. «Мордовиядан» кейінгі екінші орында келе жатқан команданың қалған ойындарына енді техникалық жеңіліс жазылады. 

Осыдан соң Владикавказда ойнаған футболшылардың біразы Қазақстан клубтарымен келісімшарт жасап, ел біріншілігіне ауысуда. Кейбіреуі сынақта жүр. Ендеше сол ойыншыларға тоқталып өтсек: Ренан Брессан – 25 жаста (жартылай қорғаушы, «Астана») Бразилияда туған белоруссиялық Брессан – «Аланиядан» Қазақстанға келген алғашқы футболшы. Беларусь елінде мүмкін болған барлық жүлдеге қол жеткізген. Үш рет чемпионаттың және 2012 жылы Беларусьтің үздік ойыншысы атанған соң, «Аланияға» ауысқан еді. Бірақ, Ресейге сапары сәтті болмады. 3,5 жылдық келісімшартқа отырған футболшыға владикавказдық команда жалақысын уақтылы бермей, тіпті, қатарынан бірнеше ай бойы алмаған екен. Осыдан кейін Брессан УЕФА-ға өтініш жасап, келісімшартты бұзған еді. Ал биыл алдымен 15 қаңтарда «Ақтөбеге» ауысқан. Әйткенмен, Қазақстан чемпионының қатарында ұзақ тұрақтамады. Жалақы мәселесіне байланысты екі тарап келісе алмай, футболшы батыс командасынан кетіп тынды.  Дегенмен ол Қазақстаннан алысқа ұзамады. Ренанның клубсыз жүргенін байқаған «Астана» клубы футболшыны өз қатарынан көргісі келетіндігін хабарлады. Қазіргі кезде Ренан Брессан «Астананың» ойыншысы. Данило Неко – 28 жаста (шабуылшы, «Ақтөбе») Бразилиялық шабуылшы футболдағы карьерасын жергілікті «Понте-Прета» клубынан бастаған. Кейіннен Кореяның «Чеджу Юнайтед» клубында өнер көрсетті. Ал «Аланияға» 2011 жылы ауысқан. Үш жылдың ішінде 57 ойын өткізіп, 36 доп соққан. 2011 жылы Ресей Кубогының финалында «Алания» сапында «ЦСКА-ға» гол соққан жалғыз футболшы. «Ақтөбе» командасына Ренан Брессаннан кейін келіп қосылды. Енді Владимир Никитенко жаңа маусымда шабуылда қос бразилиялық Пиззели мен Некоға сенім артатын болады.   Тарас Царукаев – 24 жаста (жартылай қорғаушы, «Ақтөбе») Тарас алғаш Владикавказдың «Автодор» командасында ойнаған. Царай Газдаров есімді бапкерден тәлім алған ол кейіннен Мәскеудің «Локомотивінің» қосалқы құрамында өнер көрсетті. «Аланияға» 2009 жылы келді. Команда капитаны болды. Осы уақытқа дейін 86 ойын өткізіп, 1 гол соққан. Бұл футболшыға Қазақстан клубтарының арасында алдымен «Қайрат» қызыққан болатын. Бірақ, 24 жастағы жартылай қорғаушы «Ақтөбені» таңдады. Келісімшарт бір жылға жасалыпты. Негізінен оң қапталда өнер көрсететін Царукаев – физикалық жағынан мығым ойыншы. Заурбек Плиев – 22 жаста (қорғаушы, «Қайрат») Заурбек – мәскеулік «Динамоның» тәрбиеленушісі. 2009 жылы 18 жастағы футболшыны «Спартак» (Нальчик) өз қатарына қосты. Бірақ, сол уақытта Красножан жаттықтырған командада көп тұрақтан жоқ.  Осыдан соң, Плиев «Астанаға» ауысады. Қазақстанға келгеннен кейін біздің елдің де азаматтығын алды. Тіпті сол кездегі Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Словадан Крчмаревич Заурбекті Талғардағы оқу-жаттығу жиындарына да шақырған болатын. Бірақ, құрамамыздың атынан ешқандай кездесуге қатысқан жоқ. Есесіне, Ресейдің жастар құрамасында ойнаған. Маусым аяқталғаннан соң туған жеріне оралып, «Аланиямен» келісімшарт жасайды. Осы уақытқа дейін 59 ойын өткізіп, 1 гол соққан. Биылғы жылы Заурбекті «Қайрат» сатып алды. Алматылық клуб 22 жастағы қорғаушымен үш жылдық келісімшартқа қол қойды. Дмитрий Хомич – 29 жаста (қақпашы, «Қайрат»)   Диманың карьерасы «Моздок» командасынан басталған. 2001-2004 жылдары «Аланияда» өнер көрсетті. Алғашқы екі жылында «Алания II»  командасында ойнап, негізгі құрамға 2003 жылы алынды. Ресей Премьер-лигасындағы алғашқы матчын сол жылы «Крыльев Советов» клубына қарсы өткізді. Ал 2005 жылы мәскеулік «Спартакқа» ауысты. Бірақ, үш жылдың ішінде 11 рет қана алаңға шыққан. Көбіне Ковалевски мен Плетикосаның көлеңкесінде қалып қойды. Осыдан соң «Спартак» (Нальчик) клубына жалға беріледі. Красножанның командасында негізгі қақпашы болды. Ал 2010 жылы «Аланияға» оралды. Тәжірибелі қақпашы «Аланияның» 90 рет қақпасын күзеткен. Дмитрий Хомич қазіргі кезде «Қайрат» командасында сынақта жүр. Алматылық команданың негізгі қақпашысы Давид Лория екеуі 2009 жылы «Спартак» (Нальчик) командасында бірге өнер көрсеткен. Хомичтің Қазақстанда қалу-қалмауы алдағы күннің еншісінде. Дайындаған: Бек Төлеуов http://el.kz
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров