Жарнама
Жарнама

"АлатауФанс" оралды!

29.07.2025, 13:46

Осыдан 3 ай бұрын «Қайрат» футбол клубының жанкүйерлік қозғалысы «Алатауфанс» ұжымы Қазақстан Премьер-Лигасының 6-турында «Тобылға» қарсы ойыннан бастап бойкот жариялаған еді. Оның басты себебі: полиция қызметкерлері мен клубтың бас-директоры Асқар Есімовке қарсы наразылығы. Ақпарат көздеріне сенетін болсақ, полиция қызметкерлері алматылық клубтың жанкүйерлеріне қарсы дөрекі іс-әрекеттеріне шыдамай, басшылыққа қаншама рет шағымданғанымен ешқандай нәтиже шықпады. Ал, клуб басшылығы не дейді? Асқар Есімов жанкүйерлермен кездесу кезінде «керек болса, жанкүйерсіз де ойнаймыз деген екен». Осыдан кейін «Орталық» стадионда өткен ҚПЛ ойындары кезінде футболдың атмосферасы сезілмеді десек те болады. Өйткені 23-мың адамды сыйдыратын стадионға көп дегенде 9-мың адамды ғана жинай алды. Бірақ, УЕФА Чемпиондар Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде өткен «Олимпияға» қарсы ойында 22.800 көрермен келіп, ең көп жанкүйер жиналған матчтардың қатарына кірді.

"АлатауФанс" жанкүйерлер қозғалысы
Жарнама
Жарнама

Бұл бойкот үш айдан кейін тоқтады. 28-шілде күні «Басмачи» жанкүйерлік тобы Instagram-парақшасында жазба жариялап, «КуПС»-қа қарсы ойында 51-сектор қайта толатыны жайлы хабарлады. Парақшада жарияланған жазбада былай делінген: 

«Кейде сені есту үшін үнсіз қалу керек.

Біздің бойкот – саналы түрде қабылданған шешім болды. Біз қақтығыс іздеген жоқпыз, біз түсіністік іздедік. Бұл үзілісте бәрі болды: жан жарасы, күйзеліс және, иә – махаббат. Себебі бейжай адамдар мұншама ұзақ үнсіз қалмайды.

Бізсіздің орнымыз сезілгенін білеміз. Егер біреу бұл үнсіздікті сатқындық деп қабылдаса – біздің оралуымыз кез келген сөзден артық болсын.

Біздің үнсіздігімізден абдырап қалған жанкүйерлерден, командадан, клубтан кешірім сұраймыз.

«Олар мүлде оралмай қоя ма?» деп жүргендерден де.

Біз оралдық. Барлығы мінсіз болып кеткендіктен емес, бізге бәрібір емес болғандықтан. Ең бастысы – біздің дауыс естіле бастады.

Тарихтың өзі көрсетіп отырғандай, бізсіз трибуна бос – орын толып тұрса да.

Бүгін біз өз орнымызға – секторға қайта ораламыз.

Орталық стадион қабырғаларында тым ұзақ үнсіздік орнады, клуб тым ұзақ қолдаусыз қалды – енді қала мен біздің жігіттерімізді өз даусымызбен қолдайтын кез келді!

Біз өз идеямызға және өзімізге адал болып қаламыз. Бірақ қазір қайта жанымыздан табылатын сәт келді. Сондықтан,

барша белсенді жанкүйерлерді орталық стадионға қайта жиналуға шақырамыз. Кездесу орны өзгермейді – 51-сектор!

Қайрат үшін. Дәстүр үшін. Трибуна үшін.».

Бұл жағдай шынымен де барша жанкүйердік қозғалысты қолдайтын жандар үшін өте керемет жаңалық. Қанша дегенмен жанкүйерлерді 12-футболшы деп бекер айтпайды. «Қайрат» футбол клубы бұл бойкоттан жақсы сабақ алды деген үміттеміз. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: