Жарнама
Жарнама

Альба: “Ямалды Мессимен салыстыру күлкіні келтіреді”

20.11.2025, 16:30

"Интер Майами" клубының сол қанат қорғаушысы Жорди Альба "Барселона" шабуылшысы Ламин Ямал жайлы өз пікірін білдірді. Испаниялық журналистер тәжірибелі қорғаушыдан 18 жастағы Каталондық жұлдызды клуб аңызы Лионел Мессимен салыстыруға көзқарасын сұрады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Альба жас футболшының дарындылығын жоғары бағалады, бірақ мұндай салыстырудың орынсыз екенін атап өтті. Оның сөздерінше:

"Ямал – шын мәнінде тамаша футболшы. Бірақ "Барселонада" Френки де Йонг пен Педри сынды басқа да мықты ойыншылар бар, Ламинді Мессимен салыстыру мүмкін емес. Меніңше, Леодан асатын ойыншы жоқ.” – деді Альба "Barca Universal" басылымына берген сұхбатында.

Жорди Альба 2012 жылдан 2023 жылға дейін "Барселона" намысын қорғаған. Қазіргі уақытта ол "Интер Майами" сапында Лионел Мессимен бірге ойнап жүр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров