"Аталантаның" шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Алехандро Гомес мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін. "Севилья" 32 жастағы аргентиналық футболшыға қызығушылық танытып отыр, тіпті ойыншының агентімен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.
Дереккөздің хабарлауынша, "Севильяның" спорттық директоры Мончи Алехандро Гоместің жанкүйері болып табылады, сондықтан аргентиналық ойыншыны сатып алу туралы идеяны Мончидің өзі тастаған екен.
Гомес мансабын Италияда жалғастырғысы келеді, бірақ "Аталанта" тікелей бәсекелестерін күшейтуді қаламайды және Алехандроны басқа лигадағы клубқа сатқысы келеді. Осыған байланысты бергамолық клуб "Севильяға" жеңілдік жасауға дайын. Transfermarkt порталы оны 15 миллион еуроға бағалады.
Бұған дейін Гомес "Аталантаның" жаттықтырушысы Джан-Пьеро Гасперинимен жанжалдасқан болатын, содан кейін жартылай қорғаушы командадан бөлек жаттығу туралы шешім қабылдады.
Біздің серіктес: FONBET