Алекс Сонг өзінің Камерун ұлттық құрамасындағы өнерін аяқтағанын жариялады
07.01.2015, 19:05
Жарнама
Жарнама
Осы маусымда "Вест Хэм" клубында жалға ойнап жүрген Барселона ойыншысы Алекс Сонг өзінің "Камерун" ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтағанын жария етті.
27 жасар ойыншы бұл шешімді Камерун Футбол Федерациясының басшыларымен кездескен соң қабылдапты.
Сонг бұл кездесуінде Африка Кубогінде ойнамайтындығын және ұлттық құрамасындағы мансабын аяқтағаны жөнінде хабарлапты. Сонг бұл шешімін Англияға ұшып келіп барша футбол сүйер қауымға жария етіпті.
Сонг ұлттық құрамасындағы ең соңғы кездесуін жазда Бразилия елінде өткен Әлем Чемпионатында Хорватияға (0:4) қарсы ойнаған болатын.