Жарнама
Жарнама

Алекс Жуниор: «Мен ешқашан мұндай керемет жанкүйерлері бар командада ойнаған емеспін»

11.03.2022, 19:32
Жанкүйерлер футболшының ойынына риза болды.
Жарнама
Жарнама

«Тараздың» қорғаушысы Алекс Жуниор Премьер-лиганың екінші турында «Ордабасымен» (1:0) болған ойынға қатысты пікір білдірді.

- Алекс, бүгінгі ойынға көңіліңіз толды ма?

- Ең алдымен жанкүйерлерді клубымыздың ел чемпионатындағы алғашқы жеңісімен құттықтаймын, сонымен қатар матчтың басынан аяғына дейін қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамын! Сондай-ақ бар күшін салып ойнаған клубтағы серіктестерімді де құттықтаймын! Нәтижеге бәріміз ризамыз, өйткені біз шынымен де жеңіске жетуді қаладық! Алға қойған мақсаттарымызға жету үшін аянбай еңбек ете береміз!

- Жанкүйерлер сіздің ойыныңызға риза болып, қошемет көрсетіп жатты.

- Бұл керемет болды! Мен «Тараздың» ойыншы болғаныма өте қуаныштымын. Стадионда ерекше атмосфераны сезіндім. Шынымды айтсам, мен ешқашан мұндай керемет жанкүйерлері бар командада ойнаған емеспін. Біз олар үшін аянбай еңбек етуіміз керек! Маусым соңында оларды қуантуға бар күшімізді саламыз!

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров