«Атырау» Қазақстан Прембер-лигасының 22-турында «Тобылды» қабылдады. Матч Атыраудағы «Мұнайшы» стадионында өтіп, 0:1 есебімен қостанайлық клубтың пайдасына аяқталды.
Ойындағы жалғыз әрі жеңісті гол 18-минутта соғылды. «ТОбылдың» македониялық қорғаушысы Алекса Амановичтің айып алаңының сыртынан жасаған жойқын соққысы қақпа торынан табылды.
Жеңіске жеткен қостанайлық ұжым 49-ұпаймен екінші орынға тұрақтады. «Атырау» 26 ұпаймен оныншы орында қалды.
Біздің серіктес: FONBET