Жарнама
Жарнама

Александр Чеферин УЕФА президенті болып қала бермек

13.11.2018, 07:32
Жарнама
Жарнама
Еуропа футбол қауымдастығының қазіргі президенті Александр Чеферин кезекті сайлауға қатысады. 51 жастағы словениялық азамат жалғыз кандидат ретінде тіркелді. Чеферин Еуропа футболын 2016-шы жылдан бері басқарып келеді. Ол Мишель Платиниді алмастырған еді. УЕФА-ның 43-ші конгресі 2019-шы жылдың жетінші ақпанында Рим қаласында өтеді. Президент төрт жылға сайланады. Сонымен қатар, Еуропадан алты адам ФИФА кеңесінің мүшелігіне өз кандидаттарын ұсынды. Венгриялық Шандор Чаньи қайта сайланудан үмітті. Ал, Кларк Грег пен Дэвид Мартин британиялық қауымдастықтар атынан ФИФА вице-президенттігіне ұсынылды.    
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров